Денсаулық

Ауа райына байланысты бас ауырған кезде не істеу керек

Бұлт, тұман болып, жаңбыр аралас қар жауса, кейбір адамдардың басы ауырады. Ол кезде жарық аз болады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Күн бұлттанып, ауа райы бұзылған кезде бас ауруы мүмкін. Медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санаттағы дәрігер-офтальмолог Ирина Лещенко мұның қалай алдын алуға болатынын айтты.

Оның айтуынша, бұлт, тұман мен жаңбыр аралас қар жауса, кейбір адамдардың басы ауырады. Ол кезде жарық аз болады. 

Ол көзге кері әсерін тигізеді. Бөлмеде жарық аз болса, бас ауырады. 

"Әрбір адамда түрлі белгі байқалуы ықтимал. Мәселен, мені ұйқы басады. Демек, басым емес, көзім мазасызданады. Жатқан кезде көз жұмылады, ал ми жұмысын жалғастырады. Шаршаған көзді қайта-қайта уқалай бергің келеді. Көз немесе бас ауырсынуын сезінуіңіз де мүмкін", – деді Sputnik радиосына Лещенко.

Дәрігер-офтальмолог күн бұлтты болса, бөлмеде жиі жарық қосуға кеңес береді.

Оқи отырыңыз: