Өңірлер

Астаналық полицей 42 тонналық ұшақты сүйреді – видео

Бұған дейін ол электровозды сүйреуден әлемдік рекорд орнатқан болатын. Бауыржан оны да 10 метрге сүйреді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Полиция майоры Бауыржан Қамалиев Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Ол 42 тонналық ұшақты бір өзі сүйреді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Полицей Airbus ұшағын 10 метрге сүйреп, бұған дейінгі рекордты жаңартты. Бауыржан Қамалиев күш экстримімен айналысады. Ол үшін спорт жетістікке жетудің жолы. Ал осы шара арқылы салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауды көздейді.

Бұған дейін ол электровозды сүйреуден әлемдік рекорд орнатқан болатын. Бауыржан оны да 10 метрге сүйреді. Электровоздың салмағы 276 тонна болған. Енді алып күш иесі 350 тонналық электровозды сүйреп шықпақшы.

Бауыржан Қамалиев аудандық полиция басқармасында жедел уәкіл болып жұмыс істейді. Аса ауыр қылмыстарды тергеумен айналысады.

Астаналық полицей бүгінгі жетістігін Тұңғыш президенті күніне және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнады.

Оқи отырыңыз: