Армения спортшысы Юрий Сакунц жақында тағы бір рекорд жаңартты. Бұл жолы ол салмағы 13 тонна болатын 12 метрлік туристік автобусты бір саусағымен сүйреді.
Армян батыры 25 жаста. Ол үшсайыс бойынша Еуропаның екі дүркін чемпионы.
Видеодан спортшының саусағына 10 келілік жүкті бекітіп, салмағы 13 тонна болатын 12 метрлік автобусты жылжытқанын көруге болады.
Sputnik Армения хабарлағандай, батыр жаңа рекорд орнатуды жоспарлап отыр. Спортшы метродағы бірнеше вагонды бір саусағымен жылжытпақшы.
Юрий Сакунц - Армяндық батырлар кітабының 22 дүркін рекордшысы. Ол балалық шағынан күреспен айналысқан. Жас жігіт өзінің алғашқы рекордын 16 жасында салмағы 3 тонналық көлікті саусағымен жылжытып орнатқан.
Оқи отырыңыз: Флорист тірі гүлден көйлек тігіп, рекордтар кітабына енді – видео
Сондай-ақ ол салмағы 25 тонна болатын өрт сөндіру машинасын тісімен жылжытты. Бұған дейін салмағы 4 тонна 100 келі Hummer жол талғамайтын автөкөлігін де тісімен жылжытқан еді.