Фото

Ұйқысыздыққа шалдыққан тұрғындар арнайы автобуспен сапарға аттанады - фото

Sputnik

Соңғы уақытта мегаполис тұрғындары ұйқысыздыққа шалдыққанын айтып жиі шағымданады. Күйзеліс, шу, үлкен қалалардағы асығыстық пен жүгірістің салдары байқалып жатыр. Халық саны 7 миллионнан асатын Гонконгта ұйқысыздыққа шалдыққан адамдарға көмектесудің ерекше әдісін ойлап тапты.

Мұнда "ұйқы" автобустары іске қосылды. Ерекше автобус туры қоғамдық көлікте ұйықтағанды ұнататындар мен жұмыс немесе күйзеліс салдарынан үйінде ұйықтай алмайтындарға арналған.

Гонконг университетінің базасындағы ұйқыны зерттеу орталығының профессоры, доктор Ширли Ли "Гонконг тұрғындарының ұйықтауға уақыты жоқ, сондықтан олар жұмысқа барар және кері қайтар жолда ұйықтап алуға мәжбүр" екенін айты.

Профессор "осыған байланысты адам санасы мен  қоғамдық көлік арасында ассоциативті байланыс орнағанын, сәйкес шартты рефлекс бекігенін" мәлімдеді.

Мұндай ерекше турдың бағасы қанша және оның қалай өтетіні туралы суреттер топтамасынан тамашалаңыз.

1 / 8
"Ұйқы" саяхатының ұзақтығы шамамен 5 сағатқа созылады. Көрікті жерлермен жүретін бағдардың ұзақтығы 76 километрді құрайды. Суретте: Гонконгтағы "Беймәлім жаққа саяхат" кезінде жолаушы ұйықтап жатыр.
2 / 8
Саяхат кезінде адамдарға ұйықтап алуға мүмкіндік беріледі. Суретте: "Ұйқы" автобусының жолаушылары жағалауда тұр.
3 / 8
Ғалымдардың айтуынша, мегаполис тұрғындарының ұйқыға уақыты жетпейді. Сондықтан олар жұмысқа бара жатқан кезде автобуста немесе басқа да қоғамдық көлікте еріксіз ұйықтап кетеді. Ұйқысыздыққа шалдығып, өз үйінде көз шырымын ала алмайтындар жол жүргенде оңай ұйықтай алады.
4 / 8
Ерекше автобус туры қоғамдық көлікте ұйықтағанды ұнататындар мен жұмыс немесе күйзеліс салдарынан үйінде ұйықтай алмайтындарға арналған. Суретте: Гонконгтағы "Беймәлім жаққа саяхат" кезіндегі туристер автобусы.
5 / 8
Билет құны бір адам үшін 13-51 доллар шамасында. Жол ақысы жолаушының қандай орын таңдағанына байланысты болады.
6 / 8
Ерекше автобус жолаушылары сапар кезінде жақсы ұйықтайтынын айтады. Суретте: "Ұйқы" турына қатысушылардың бірі.
7 / 8
Автобус жолаушыларына ұйқыға арналған көз таңғыш ұсынылады. Кейбіреулері өзімен бірге көрпе, аяқ киім мен жолға арналған жастық алып келеді.
8 / 8
Sleeping Bus Tour – алғашқы "ұйқы" турының билеті толығымен сатылып кетті. Ұйқысыздыққа шалдыққандар бұл сапарды жоғары бағалады.