Соңғы уақытта мегаполис тұрғындары ұйқысыздыққа шалдыққанын айтып жиі шағымданады. Күйзеліс, шу, үлкен қалалардағы асығыстық пен жүгірістің салдары байқалып жатыр. Халық саны 7 миллионнан асатын Гонконгта ұйқысыздыққа шалдыққан адамдарға көмектесудің ерекше әдісін ойлап тапты.
Мұнда "ұйқы" автобустары іске қосылды. Ерекше автобус туры қоғамдық көлікте ұйықтағанды ұнататындар мен жұмыс немесе күйзеліс салдарынан үйінде ұйықтай алмайтындарға арналған.
Гонконг университетінің базасындағы ұйқыны зерттеу орталығының профессоры, доктор Ширли Ли "Гонконг тұрғындарының ұйықтауға уақыты жоқ, сондықтан олар жұмысқа барар және кері қайтар жолда ұйықтап алуға мәжбүр" екенін айты.
Профессор "осыған байланысты адам санасы мен қоғамдық көлік арасында ассоциативті байланыс орнағанын, сәйкес шартты рефлекс бекігенін" мәлімдеді.
Мұндай ерекше турдың бағасы қанша және оның қалай өтетіні туралы суреттер топтамасынан тамашалаңыз.