Фото

Кенгуру биі мен "маска таққан" кептер: Comedy Wildlife Photo Awards қорытындысы шықты

Sputnik

Бұл фотолар қарашадағы суықты ұмытып, тамаша көңіл-күй сыйлауға көмектеседі. Comedy Wildlife Photography Awards – 2021 байқауының қазылар алқасы табиғатта түсірілген жануарлар мен құстардың ең қызықты және күлкілі фотоларын таңдады.

Беделді халықаралық фотобайқау 2015 жылдан бері өткізіледі. Оның мақсаты – жабайы табиғатты сақтауға назар аудару.

Биыл байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен жануарлар, жәндіктер, балық пен құстар бейнеленген жеті мыңнан астам күлкілі фотолар жолданған. Финалға арасынан 40-тан астам жұмыс өтті.

Соның ішінде британиялық фотограф Кен Дженсеннің жұмысы ерекше деп танылды. Ол "Ой!" деп аталатын жұмысында ыңғайсыз жағдайға тап болған маймылды түсірген.

Джон Спирстің жұмысы көрермен көзайымы сыйлығына ие болды. Оның күзгі жапырақ басына жабысқан кептері ешкімді бей-жай қалдырмады.

Әдетте Comedy Wildlife Photography Awards – 2021 конкурсын өткізуден түскен қаржының бір бөлігі жабайы табиғатты сақтауға жұмсалады.

2021 жылы жиналған ақшаның 10 проценті Борнеодағы жабайы орангутандарды құтқаруға кетеді.

1 / 10
"Жаз аяқталды ма?" деп аталатын фотограф Джон Спирдің жұмысы көрермен көзайымы сыйлығына ие болды. "Мен құстарды түсіріп жүрген кезде жапырақ кептердің бетіне түсті", дейді фото авторы.
2 / 10
"Ой!" деп аталатын фотоны Кен Дженсен Қытайда, Юньнань провинциясында отбасымен бірге демалып жүрген кезде түсірген. Фотографтың айтуынша, маймыл осы сәтте ашулы болған, көпшілікті күлкіге қарық қыламын деп ойламаған. Алайда фотограф сол сәтті фотоға түсіріп үлгерген. Маймыл дәл осылай өзінің ашу-ызасын көрсеткен.
3 / 10
Бұл жанаттар фотограф нысанына іліккен басқа жанаттарды мазақтап отырған болуы да мүмкін. Алайда олардың өздері де көзге түсіп, әңгіме айтып отырғандай әсер қалдыратын фото пайда болды. Неміс фотографы Ян Пиеча мен оның "Сыбыр" деген жұмысы.
4 / 10
Кенгуру өте төбелескіш жануар. Олардың жекпе-жегі бір қарағанда биге ұқсайды. Сондай сәттің бірін фотограф Леа Скадден түсірді.
5 / 10
"Балшық ваннадағы қуаныш" – америкалық фотограф Вики Джоуронның жұмысы. Автор фотоның кейіпкері туралы "ыстық күнде Зимбабведегі Кариб көлінің жағасында балшық ваннасын қабылдап, қуанып отыр" деп сипаттайды.
6 / 10
Фотограф Пол Марчхарт пен оның "Пикабу" деген аю түсірілген фотосы. Фотода ол жасырынбақ ойнап жүргендей әсер қалдырады. Ал шын мәнінде ол ағаштан түсіп келе жатқан.
7 / 10
Кәмшат өзінің қырсық баласын бір жаққа апара жатыр. Сингапурлық фотограф Чэ Кэ Теоның фотосы "Мектепке баратын кез келді" деп аталады.
8 / 10
Фото авторы – Артур Тревино. Кадрда жыртқыш құстың кеміргішті ұстамақ болған сәті түсірілген. Сол сәтте кеміргіш шошып, бүркіттің назарын аударды да, артынша тез арада ініне қашып кетті. Бұл туралы фото авторы айтқан.
9 / 10
Фотограф Чу Хан Лин және оның "Менің не істей алатынымды қара" деген фотосы.
10 / 10
Словакиялық фотограф Якуб Ходан және оның "Ағашты жақсы көруші" деген жұмысы, фотода маймыл ағашқа мұрнын қасып жатыр.