НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Елордада екі автобус соқтығысты, зардап шеккендер бар.
CTS көліктік компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, № 20 жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай қарсы жолаққа шығып кетіп, № 39 автобуспен соқтығысқан.
"Полиция № 20 автобустың жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Оның жүргізушісі жол ережесін бұзғандар реестрінен табылмады. Жолаушылар көлігін 5 жылдан бері жүргізіп келеді. Рейске шығар алдында, таңғы сағат 06.00-де медициналық тексеруден өткен", - делінген хабарламада.
Компания мәліметінше, 1961 жылы және 1954 жылы туған екі әйел түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Компания жүргізушіні тәртіптік кеңеске салуды және жұмыстан шеттетуді көздеп отыр.
Оқи отырыңыз:
- Нұр-Сұлтан полициясы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасады
- Нұр-Сұлтанда жауған қалың қар тұрғындарды әбігерге салды – фото