Өңірлер

Қарағанды мен Теміртау тұрғындары сусыз және жарықсыз қалды

Коммуналдық проблема облыс орталығында ғана емес, Теміртау қаласы және Саранмен іргедегі Ақтас кентінде де туындады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Қарағанды мен Теміртау қаласының тұрғындары жарты күннен астам уақыт жарық пен сусыз отырды.

Коммуналдық мәселе өңірдегі ауа райының бұзылуы мен екпінді желдің салдарынан туындаған. 

Қарағандыда қатты желден электр желілері үзілді, деп хабарлады Хабар 24.

Нәтижесінде қалалық су құбыры станциясының насосы істен шыққан. Сонымен қатар қала орталығындағы су құбырында апат болды.

Коммуналдық проблема облыс орталығында ғана емес, Теміртау қаласы мен Саранмен іргедегі Ақтас кентінде де туындады. 

Қарағандының Пришахтинск пен Сортировка ауданының тұрғындары сусыз қалды. Сондай-ақ Ақтас ауылында суық су тоқтап қалды. 

Бұл проблемалар барлық елді мекендерде сағат 16.00-де жойылды. 

Оқи отырыңыз: