Фото

"Мамонт даласы" жаһандық жылынуды тоқтатуға қалай көмектеседі – фото

Sputnik

Сергей Зимов қазіргі батпақты тундра ландшафттарында плейстоцен дәуірінде, яғни мамонттар, мүйізтұмсықтар және басқа да шөпқоректілердің ондаған түрі өмір сүрген кезге қарағанда өсімдіктер аз өседі деген қорытындыға келді. Ол топырақтың қазіргі нашар жағдайын кезінде аңшылардың шөпқоректілерді қырып тастағанымен байланыстырды. Ал жағдайды өзгерту үшін бұл жерлерге бір жағынан тұяғымен топырақты тығыздайтын, осылайша қар жамылғысын жылу өткізгіштік қасиетінен айырып, екінші жағынан топырақтағы қоректік заттардың айналымын едәуір тездететін жануарлар тобын қайтару қажет.

"Қазіргі Арктиканың суық және құрғақ жағдайында органикалық заттар өте баяу ыдырайды, ал өсу кезінде қолданылатын минералдар ондаған жыл/ғасыр бойы өлі өсімдіктерге жабысып қалады. Жайылымдық экожүйелерде органикалық заттардың ыдырауы бірнеше сағат ішінде жануарлардың асқазанында жүреді, ал азот пен басқа да пайдалы заттардың айналымы біршама жеделдетіледі", - делінген қорық сайтында.

Эксперимент 1996 жылы плейстоцен саябағы құрылған кезде басталды. Оның ауданы – 144 шаршы шақырым. Оның аумағында ірі шөпқоректі жануардың бірнеше түрі бар – бұғы, якут жылқылары, бұлан, дала бизоны, жабайы өгіз секілді 150-ге жуық жануар. Жоба ғылыми гранттар, демеушілік және краудфандинг арқылы, сондай-ақ негізін қалаушы Сергей Зимов және парк директоры Никита Зимовтың жеке қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Толығырақ фотодан көріңіз.

1 / 14
Қорықтың негізін салушы әрі ғылыми жетекшісі 66 жастағы Сергей Зимов Ресейдің Саха Республикасы (Якутия) Черский қаласының маңындағы Плейстоцен саябағында мәңгі тоңның болуын тексеріп тұр. Ғаламдық жылыну мәңгі тоң қабаттарының еруіне әкеледі, парник газдарының көп мөлшерде шығу қаупін төндіреді. Себебі мыңдаған жыл бойы мұз астында жатқан мамонт сүйектерінен бастап өсімдіктерге дейін еріп, ыдырайды. Ғалымдардың айтуынша, қалдықтар Еуропа Одағының өнеркәсіп шығарындыларына тең болуы немесе олардың ішіндегі ыдырайтын органикалық заттардың көптігіне байланысты олардан асып кетуі де әбден мүмкін. "Бұл жер бетіндегі ең суық жерлердің бірі және мұнда мәңгі тоң жоқ", - деді Зимов, Якутияның бұл өңірінде температура орташа әлемдік деңгейден үш есе артық.
2 / 14
Дуван жырасының және Ресейдің Саха Республикасы (Якутия) Черский қаласынан оңтүстік-батысқа қарай орын тепкен Колыма өзенінің көрінісі. Ғалымдар Дуван жырасын Колыма ойпатының жоғарғы плейстоцендік шөгінділерінің бөлімі деп атайды, оны зерттеу жарты ғасырдан астам уақыт бойы жүргізілді. Қалыңдығы 50 метрден асатын мәңгі тоң қабатының кесілуі өсімдіктер мен жануарлар әлемінің үлгілерін, сондай-ақ мұз дәуіріндегі топырақтың минералды құрамын сақтап қалды. Оны зерттеу мұздың жасын анықтауға мүмкіндік берді.
3 / 14
Плейстоцен саябағының қызметкері Ярослав Волошин Ресейдің Саха Республикасы (Якутия) маңындағы Колыма өзенінің жанында салынған дәстүрлі салттық тіректердің қасында жүр. Олар Ресейдің солтүстігінде тұратын көптеген ұлтқа тән.
4 / 14
Жылқылар Черский қаласының маңындағы Плейстоцен саябағында жайылып жүр. Ғалым Сергей Зимов Якутияның бір аймағында жылынуды баяулату бойынша идея айтты, ол Плейстоцен саябағына ірі шөпқоректі жануарларды, оның ішінде бизон, түйе және өгіздері алып келуді ұсынды.
5 / 14
Саха Республикасындағы Черский қаласының сыртындағы батпақты-тундра пейзажы. Сергей Зимовтың пікірінше, сулы-батпақты жерлер жаһандық жылынуға байланысты көбейген.
6 / 14
Сергей Зимов мұздан ойған үңгірде ғалымдар тапқан материалдарды сақтайды.
7 / 14
Саха Республикасындағы (Якутия) Черский қаласының маңында орналасқан кеңестік спутниктік телевизия станциясы.
8 / 14
Ғалым Николай Башарин Якутскідегі Мельников атындағы институттың мәңгі тоң жерасты зертханасында алып бұқаның бас сүйегін ұстап тұр. Зертхана жер деңгейінен 15 метр тереңдікте салынған. Мұнда орташа температура -5...-8 градус шамасында болады.
9 / 14
Колыма өзеніндегі Дуван жырасы
10 / 14
Сергей Зимовтың ұлы Никита Плейстоцен саябағын басқарады. Ол мұз болып қатқан жыраның түбіндегі мыңдаған жыл бойы сақталған мұз дәуірінің флорасы мен фаунасының үлгілері жаһандық жылынудың салдарынан жоғалуы мүмкін екенін айтты. Плейстоцен саябағының эксперименті мәңгі тоңның тұрақтылығын сақтауға және сәйкесінше планетадағы климатты қалпына келтіруге көмектесетін "мұзды" жайылымдарды жандандыру мүмкіндігін көрсетуге арналған.
11 / 14
Колымадағы Дуван жырасының зерттеушілері мұндай сүйектерді жарты ғасырдан астам уақыт бойы тауып, зертеп жүр. Бұл мұз дәуірінде осы аймақта өмір сүрген жануарлардың сүйектері.
12 / 14
Жүк көлігі Колыма жолымен Чурапча ауылының жанындағы мәңгі тоңның еруінен бүлінген аумақ арқылы өтіп бара жатыр.
13 / 14
Плейстоцен саябағының негізін қалаушы Сергей Зимов қорық жануарларының бірі – түйені суретке түсіруге тырысып жатыр.
14 / 14
Зимовтың пікірінше, COVID-19 пандемиясы мәңгі тоңның еруі парник газын шығаратынын көрсетті. Пандемия кезінде зауыттар жаһандық жылынудың баяулауына әкелген белсенділікті төмендеткенімен, атмосферадағы метан мен көмірқышқыл газының концентрациясы тез өсіп жатыр. "Метан атмосферада ешқашан қазіргідей жылдамдықпен өскен емес...", - деді ол.