Оқиға

Ақтөбеде өртенген гараж ішінен мәйіт табылды

Өрт жылытқыш құрылғыдан шыққан деген болжам бар. Қазіргі уақытта тиісті сараптама жасалып жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Ақтөбеде өртенген гараж ішінен адам мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қарашасында 00:05-те Ақтөбе қаласы полиция басқармасының “102” пультіне Асау-Барақ көшесіндегі жеке үйлердің бірінде гараждың өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.

"Оқиға болған жерге келген өрт сөндірушілер гаражды сөндіру кезінде 59 жастағы үй иесінің мәйітін тапты", - делінген ақпаратта.

Өрт жылытқыш құрылғыдан шыққан деген болжам бар. Қазіргі уақытта тиісті сараптама жасалып жатыр.

Оқи отырыңыз: