НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
23-25 қараша аралығында Қазақстанға Солтүстік-Батыс циклон және онымен байланысты фронтальдық бөлімдер өз ықпалын жалғастырады. Циклон бұрынғыша тұрақсыз ауа райы сипатын сақтайды, жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) өтеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты қар күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ екпінді жел, солтүстік жартысында бұрқасын болжанады.
Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте түнде 2-10 градустан 18-23 градусқа дейін, күндіз 5 градус суықтан 5-15 градусқа дейін аяз күтіледі.
Орталықта және шығыста түнде 0-8 градус суық, күндіз 3 градус суық, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 6 градус суық, күндіз 9-17 жылы болады деп болжанды.
Оқи отырыңыз:
- Биыл Қазақстанда қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады
- 30 градус аяз болады – қараша айына болжам
- Қазақстанның екі облысында тас жолдар жабылды