Қоғам

"Құлағынан тартқан": Қапшағайда балaбақша тәрбиеленушісі соққыға жығылды – видео

Анасының айтуынша, қыздың бір құлағының тұсындағы терісі сыдырылып қалған. Ал самайының жанында алақанның ізі бар
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Қапшағайда балабақша тәрбиеленушісі соққыға жығылды. 1 жас 10 айлық қыздың анасы тәрбиешілер оны құлағынан тартып, ұрғанын айтты.

Әйел қызының жарақаттары түсірілген видеоны әлеуметтік желіде жариялады.

Кадрда әйел қызының құлағы мен мойыны жанындағы жарақаттарды көрсетеді.

Оның айтуынша, қыздың бір құлағының тұсындағы терісі сыдырылып қалған. Ал самайының жанында алақанның ізі бар.

Қыздың анасы балабақша директоры бұл фактті жасырып отырғанын айтты.

"Алайда мен бұл істі соңына дейін жеткіземін", - деді ол.

Алматы облыстық полиция департаменті осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Ведомстводағылар шағым 18 қарашада түскенін айтты.

"Өзінің шағымында Қапшағай қаласының 28 жастағы тұрғыны баласына дене жарақатын келтірген балабақша қызметкерінің жауапкершілікке тартылуын сұраған. Қазіргі күні осыған қатысты сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Бұдан кейінгі процессуалдық әрекеттер мамандардың қорытындысына байланысты болады", - деді полициядағылар.

Оқи отырыңыз: 

 

ҚоғамбалабақшасоққыҚапшағай