Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда "ұтымды акцияға" қатысқан жастар сан соғып қалды

Алаяқ "ұтымды акция" жүріп жатқанын айтып, қымбат смартфондарды рәсімдеуге көндірген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Петропавл қаласында жиырмаға жуық студентті алдап, кредитке телефон алғызған алаяқ ұсталды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

18 жастағы жігіт таныстарын алдап, тауарлы кредит алғызған. Ол өзі қатарлы жиырма шақты студентке "ұтымды акция" жүріп жатқанын айтып, қымбат смартфондарды рәсімдеуге көндірген.

Алайда жастар артынан ешқандай акцияның өтпегенін біліп, сан соғып қалды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. 

Бүгінде оған қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі "Алаяқтық" бойынша іс қозғалды.

Бұл бап бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған. 

Оқи отырыңыз: