НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте індетке шалдыққандар мен қайтыс болғандар статистикасын жариялады.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 1 047 адамнан табылды.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында - 113,
- Алматы қаласында - 114,
- Шымкент қаласында – 22,
- Ақмола облысында – 83,
- Ақтөбе облысында - 16,
- Алматы облысында - 59,
- Атырау облысында - 19,
- Шығыс Қазақстан облысында - 80,
- Жамбыл облысында - 11,
- Батыс Қазақстан облысында -20,
- Қарағанды облысында - 114,
- Қостанай облысында - 109,
- Қызылорда облысында - 6,
- Маңғыстау облысында - 4,
- Павлодар облысында - 115,
- Солтүстік Қазақстан облысында - 143,
- Түркістан облысында - 19.
Қазақстанда пандемия басталғалы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 963 828 адамға жетті.
Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирустан он төрт науқас, вирустық пневмониядан жеті пациент қайтыс болды.
21 қарашадағы мәлімет бойынша, 30 408 адам коронавирус инфекциясынан (–26 231+ және 4 177 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 410 пациент стационарда, 23 998 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында:
- 486 адамның жағдайы ауыр,
- 124 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 89 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.