Денсаулық

Өткен тәулікте қанша қазақстандық індеттен қайтыс болды

© Sputnik / Владислав Воднев Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане
 Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2021
Жазылу
Республика бойынша 124 пациенттің жағдайы өте ауыр, 89 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған

НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте індетке шалдыққандар мен қайтыс болғандар статистикасын жариялады.       

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 1 047 адамнан табылды.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 113,       
  • Алматы қаласында - 114,       
  • Шымкент қаласында – 22,       
  • Ақмола облысында – 83,       
  • Ақтөбе облысында - 16,       
  • Алматы облысында - 59,       
  • Атырау облысында - 19,       
  • Шығыс Қазақстан облысында - 80,       
  • Жамбыл облысында - 11,       
  • Батыс Қазақстан облысында -20,       
  • Қарағанды облысында - 114,       
  • Қостанай облысында - 109,       
  • Қызылорда облысында - 6,       
  • Маңғыстау облысында - 4,       
  • Павлодар облысында - 115,       
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 143,       
  • Түркістан облысында - 19.

Қазақстанда пандемия басталғалы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 963 828 адамға жетті.

Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирустан он төрт науқас, вирустық пневмониядан жеті пациент қайтыс болды.

21 қарашадағы мәлімет бойынша, 30 408 адам коронавирус инфекциясынан (–26 231+ және 4 177 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 410 пациент стационарда, 23 998 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Індетке шалдыққандар арасында:

  • 486 адамның жағдайы ауыр,
  • 124 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 89 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Жаңалықтар
0