НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша – Sputnik. Атлантика циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсер етеді, осыған байланысты жаңбыр, қар жауады, солтүстікте бұрқасындатады. Республиканың басым бөлігінде көктайғақ болып, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, батыста, оңтүстік-шығыста тұман түседі.
Өңірлердегі ауа райы
Ақмола облысында бұрқасын соғып, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, солтүстікте және шығыста екпіні 23-28 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде бұрқасын соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасындатады, көктайғақ, жел 15-20 күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Павлодар облысында батыста, облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Жамбыл облысында солтүстікте және таулы аймақтарда тұман түседі, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аймақтарда жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз солтүстікте, батыста жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, солтүстікте, облыстың батысында жел күшейеді – 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.
Ақтөбе облысында солтүстікте тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді – 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді.
Қостанай облысында солтүстікте бұрқасындатып, көктайғақ болады, желдің күші – 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 25 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысында солтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, солтүстікте, солтүстік-батыста жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысында Алакөл маңында желдің күші – 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Түркістан облысында солтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте және таулы аймақтарда желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысында солтүстікте тұман түседі, күндіз облыстың солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысында түнде солтүстікте көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысында жел 15-20 м/с күшейеді деп болжанып отыр.
Ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтанда түнде және күндіз күн бұлтты, кей жерлерде жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел – 9-14 м/с, екпіні – 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде – 23 м/с. Түнде 4-6 градус суық, күндіз -1 градустан +1 градусқа дейін.
Алматыда түнде және күндіз көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел – 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -1-3 градус, күндіз 10-12 градус жылы.
Шымкентте түнде және күндіз көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -1 градустан +1 градусқа дейін, күндіз 11-13 градус жылы.
Оқи отырыңыз: