Қоғам

Бұрқасын, көктайғақ: 22 қарашада ауа райы қандай болады

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуМужчина во время снегопада
Мужчина во время снегопада - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2021
Жазылу
Синоптиктердің болжауынша, бірқатар өңірде жел күшейеді, қар, жаңбыр жауады, көктайғақ болуы мүмкін. Дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша – Sputnik. Атлантика циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсер етеді, осыған байланысты жаңбыр, қар жауады, солтүстікте бұрқасындатады. Республиканың басым бөлігінде көктайғақ болып, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, батыста, оңтүстік-шығыста тұман түседі.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола облысында бұрқасын соғып, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, солтүстікте және шығыста екпіні 23-28 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде бұрқасын соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қарағанды ​​облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасындатады, көктайғақ, жел 15-20 күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Павлодар облысында батыста, облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Жамбыл облысында солтүстікте және таулы аймақтарда тұман түседі, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аймақтарда жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз солтүстікте, батыста жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, солтүстікте, облыстың батысында жел күшейеді – 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Ақтөбе облысында солтүстікте тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді – 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қостанай облысында солтүстікте бұрқасындатып, көктайғақ болады, желдің күші – 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 25 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысында солтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, солтүстікте, солтүстік-батыста жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысында Алакөл маңында желдің күші – 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді.  

Түркістан облысында солтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте және таулы аймақтарда желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысында солтүстікте тұман түседі, күндіз облыстың солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында түнде солтүстікте көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысында жел 15-20 м/с күшейеді деп болжанып отыр.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтанда түнде және күндіз күн бұлтты, кей жерлерде жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел – 9-14 м/с, екпіні – 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде – 23 м/с. Түнде 4-6 градус суық, күндіз -1 градустан +1 градусқа дейін.

Алматыда түнде және күндіз көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел – 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -1-3 градус, күндіз 10-12 градус жылы.

Шымкентте түнде және күндіз көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -1 градустан +1 градусқа дейін, күндіз 11-13 градус жылы. 

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0