Өңірлер

Жел, бұрқасын: синоптиктер 21 қарашадаға ауа райына болжам жасады

Республиканың басым бөлігінде жел күшейеді. Қалған аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша – Sputnik. Қазгидромет 21 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Үлкен ылғал қоры бар Атлантикалық циклон өзімен бірге Қазақстанның солтүстік жартысына қар, батыс бөлігіне жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашынмен, тұманмен, батыста көктайғақпен жауын-шашын әкеледі.

Республиканың басым бөлігінде жел күшейеді. Қалған аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Атырау облысында жаяу бұрқасын күтіледі, басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының түнде және таңертең батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді.

Қысы-жазы жалаңаштанып жүгіретін ақсақал індеттен қалай қорғанып жүргенін айтты

Ақмола облысының батысында күннің екінші жартысында жаяу бұрқасын, солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Алматы облысында Алакөл көлінің аумағында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. 15-20, екпіні 23 м/с.

Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с, жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының батысы, оңтүстік-шығысы мен орталығында жел 15-20, екпіні 23-25 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының түнде және таңертең таулы аудандарында тұман күтіледі, солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысында, күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ірі қалалардағы ауа райы 

Нұр-Сұлтанда ауа температурасы күндіз -3-5 °C. түнде -9-11 градус. Желдің жылдамдығы 9-14, күннің екінші жартысында екпіні 15-20 м/с. Күн ала бұлтты.

Алматыда вуа температурасы күндіз:+9+11 °C, түнде:-2-4 °C. Желдің жылдамдығы:2-7 м/с. Күн ала бұлтты.

Шымкентте ауа температурасы күндіз:+11+13 °C, түнде:-3-5 °C. Желдің жылдамдығы:8-13 м/с. Күн ашық.