Қоғам

Тоқаев Алматыға келді

Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы резиденциясында еліміздің қаржы секторының өкілдерімен кездесу өткізеді
Sputnik

АЛМАТЫ, 19 қараша – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарлауынша, мемлекет басшысы Алматы қаласындағы резиденциясында еліміздің қаржы секторының өкілдерімен кездесу өткізеді.

Бұдан кейін президент бірқатар әлеуметтік, білім беру мекемелерін және басқа да нысандарды аралап көреді, сондай-ақ қаладағы жылу электр орталықтарының біріне жүргізіліп жатқан қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысады деп жоспарланған.

Айта кетері, бұған дейін мемлекет басшысы қазаннан бастап Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстарына барды.

Оқи отырыңыз: