Видео

Дәрігер ревакцинация үшін екпені қалай таңдау қажет екенін айтты – видео

Қазақстанда 22 қарашада коронавирусқа қарсы ревакцинация басталады. Ең алдымен вакцинаны медицина қызметкерлері, педагогтар, күш құрылым қызметкерлері, 60 жастан асқан адамдар, медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлері салдыруы керек
Sputnik

Соған байланысты Алматы қаласы "Жас Қанат" алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының дәрігері Меруерт Көшенова вакцина таңдауда нені ескеру қажет екенін айтты.

"Ревакцинация – вакцинаның екі компонентін алғаннан кейінгі қосымша доза. Ол бізге иммунитетті әрі қарай нығайту үшін және ағзада қосымша антиденелердің түзілуі үшін өте қажет. Бізде елімізде екі түрлі вакцина қолданылып келеді: векторлық ("Спутник V") және белсенділігі жойылған вакцина (QazVac, VeroCell). Яғни, егер адам векторлық "Спутник V" вакцинасын салдырса, ревакцинацияны 9 айдан кейін алуы керек. Егер белсенділігі жойылған вакцина салдырса, 6 айдан кейін ревакцинация жасай алады", - дейді дәрігер.

Маманның айтуынша, вакцина қай түрін салдырғанына байланысты 6-9 ай аралығында әсер етеді.

"Белсенділігі жойылған вакцинаның екі компонентін алғаннан кейін міндетті түрде ревакцинация кезінде бір ғана дозасы салынады. Бұрынғыдай екі рет салдырмайды. Егер вакцинаның екі дозасын алған адам коронавирус инфекциясымен ауырса, бұл адамдарға ревакцинация салдырудың қажеті жоқ. Ал вакцинаның бір бөлігін алып, біраз күннен кейін коронавирус жұқтырса, ол аурудан жазылғаннан кейін вакцинаның түріне қарай ревакцинация жасатады", - дейді Меруерт Көшенова.

Маманның сөзінші, біріншісінде векторлық вакцина салдырса, ревакцинация кезінде белсенділігі жойылған вакцина салдыруға болады.

Оқи отырыңыз: