Өңірлер

Шығыс Қазақстан облысында үйлену тойында үш жасар бала көз жұмды

Кейбір деректерге қарағанда, трагедияға баланың жаңғақты жұтып қоюы себеп болған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Көктал ауылындағы үйлену тойында үш жасар бүлдіршін көз жұмды. Кейбір деректерге қарағанда, трагедияға баланың жаңғақты жұтып қоюы себеп болған.

Облыстық полиция департаменті баланың көз жұмғанын растады.

"Осы жылдың 11 қарашасында Көктал ауылында 2018 жылы туған жас баланың өліміне қатысты Үржар ауданының полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады", - деп атап өтті ШҚО полиция департаменті.

Қылмыстық іс бойынша қажетті сот-медициналық сараптамалар белгіленіп, істің жан-жақтылығын, толықтығын және шынайылығын қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полиция Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейтінін атап өтті.

Оқи отырыңыз: 

Тойдан қайтып келе жатқан отбасының 6 адамы көз жұмды

Жас жұбайлардың үйлену тойы трагедиямен аяқталды

Үйлену тойына дайындалып жатқан отбасы қара жамылды: ауыл тұрғындары не дейді