Әлем

Жас жұбайлардың үйлену тойы трагедиямен аяқталды

© Photo : СС0 / Free-PhotosНевеста
Невеста - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жергілікті полиция өкілінің айтуынша, бірнеше жолаушы жағалауға дейін жете алған, біразы ес-түссіз жоғалып кетті

НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан – Sputnik. Бангладеште үйлену тойы кезінде екі бала мен жеті ересек көз жұмды. Арасында қалыңдық та бар, деп хабарлайды UNB агенттігі.

Трагедия елдің оңтүстік-шығысындағы Хатия аралында болған. Той меймандары күйеужігіттің үйіне бара жатқан траулер Мегхна өзенінде суасты кедергісімен соқтығысып, суға батып кетті.

"Жергілікті тұрғындар мен балықшылардың көмегімен өзен полициясы жеті мәйіт тапты. Алайда қанша жолаушы жағалауға дейін жеткені белгісіз", - деді полицияда.

Жергілікті полиция өкілінің айтуынша, бірнеше жолаушы жағалауға дейін жете алған, біразы ес-түссіз жоғалып кетті.

Жаңалықтар
0