Оқиға

Ақмола облысында газ баллоны жарылды: үш адам көз жұмды – видео

Оқиға орнынан 3 адамның мәйіті табылды. Тағы он адам түрлі дене жарақаттармен аудандық орталық ауруханаға жеткізілді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша – Sputnik. Ақмола облысындағы Шортанды кентінде газ баллоны жарылып, үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 16 қарашада кешкі сағат 21:38-де Линейная көшесінде болған. Барақ үлгісіндегі салынған үйде газ жарылып, арты өртке ұласқан.

Тілсіз жау 350 шаршы метрге шарпыған.

"Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 35 қызметкері мен 7 техникасы, "Жер Ана" ЖШС МЕӨҚҚ-ның 4 қызметкері мен 1 техникасы тартылды. Түнгі сағат 23:55-те өрт толық сөндірілді ", - дейді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Оқиға орнынан 3 адамның мәйіті табылды. Тағы он адам түрлі дене жарақаттармен аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.

Ақмола облысында газ баллоны жарылды: үш адам көз жұмды – видео

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Ақмола облыстық полиция департаментінде жедел тергеу тобы құрылды. Өрт зертханасының мамандары да тартылып отыр.

Осы орайда төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға тұрмыстық газ баллонын қолдануда өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Оқи отырыңыз: