Оқиға

Дәмханадағы төтенше жағдай: үйінді астында 50 литрлік екі газ баллоны бар

© SputnikСклад фирмы по поставкам гелиевых шаров загорелся в Алматы
Склад фирмы по поставкам гелиевых шаров загорелся в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2021
Жазылу
Қазір үйінділерді ашу, тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құтқарушылар жұмыс барысында екі газ баллонын тапты, оны қауіпсіз жерге шығарды

АЛМАТЫ, 8 қараша – Sputnik. Ақтау қаласындағы "Шерқала" сауда кешенінде орналасқан "Аянат" асханасында болған жарылыс кезінде ешкім зардап шекпеді. Бұл туралы Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Жаңабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жарылыс туралы хабар құтқарушыларға 7 қарашада кешкі тоғыз шамасында түскен. Оқиға орнына барған мамандар екі қабатты ғимараттың бірінші қабатында белгісіз себептен жарылыс болғанын анықтаған. Бірінші қабатта асхана орналасқан, ал екінші қабатта тігін цехы болған. Жарылыс кезінде ғимараттың екі қабаты да қираған.

"Алдын ала ақпарат бойынша жалпы 200 шаршы метр жер құлаған. Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан зардап шеккендер туралы ақпарат түспеді. Жарылыс себебі қазір анықталып жатыр. Оқиға орнында үйінділерді талдау жұмыстары жүргізілуде. Алдын ала ақпарат бойынша ғимаратта жұмысшылар болмаған", - деді Жаңабаев.

70 метр радиустағы ғимараттар, тұрақтарға қойылған автокөліктер жарылыс толқынынан зардап шеккен.

"Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Қазір үйінділерді ашу, тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құтқарушылар жұмыс барысында екі газ баллонын тапты, оны қауіпсіз жерге шығарды. Ғимарат иелерінің айтуынша, үйінді астында сыйымдылығы 50 литрлік қосымша екі газ баллоны бар", - деді Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.

Оқи отырыңыз: Ақтаудағы жарылыс: дәмхана иесі сұхбат берді – видео

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Азамат Сейталин үйінді астындағы екі баллонға қатысты жарылыс қаупі бар ма деген сұраққа "мүмкін" деп жауап берді.

Қазірге дейін жарылыс болған жерде 100 шаршы метр жер тазартылды.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 292-бабы (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Айта кетері, бұған дейін жарылыс кезінде 11 автокөлікке зақым келгені айтылды. Нұрлан Жаңабаевтың сөзінше, оларға қатысты полиция сараптама тағайындап, шығын көлемін есептейді.

Жаңалықтар
0