НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын салдырғандар статистикасын жариялады.
16 қарашаға дейін Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алғандардың жалпы саны 8 558 198 адам. Ал екінші компонентті алғандар саны - 7 840 876 адам.
12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жүкті және бала емізетін әйелдер вакцинациясы: 15 қарашадағы мәлімет бойынша "Комирнати" (Pfizer) препаратының бірінші компонентін 1 560 адам салдырды.
Екпе егетін медицина мамандары арнайы оқытудан өткен.
"Pfizer" екпесі 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдерге ерікті түрде салынады. Профилактикалық екпе азаматтардың өз келісімімен ғана жүргізіледі.