Денсаулық

Қазақстанда бір күнде қанша бала мен жүкті әйел вакцина салдырды

CC0 / dianaforsberg92 / Беременность
Беременность - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2021
Жазылу
"Pfizer" екпесі 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдерге ерікті түрде салынады

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын салдырғандар статистикасын жариялады.

16 қарашаға дейін Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алғандардың жалпы саны  8 558 198 адам. Ал екінші компонентті алғандар саны - 7 840 876 адам.

12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жүкті және бала емізетін әйелдер вакцинациясы: 15 қарашадағы мәлімет бойынша "Комирнати" (Pfizer) препаратының бірінші компонентін 1 560 адам салдырды.

Екпе егетін медицина мамандары арнайы оқытудан өткен.

"Pfizer" екпесі 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдерге ерікті түрде салынады. Профилактикалық екпе азаматтардың өз келісімімен ғана жүргізіледі.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0