Өңірлер

Павлодарда колледждің бас бухгалтері 26 млн теңге ұрлаған – сот үкімі шықты

Бухгалтер қылмыстық схема ұйымдастырып, бес жыл бойы бюджет қаражатын заңсыз иемденіп келген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Павлодар қаласында Ақпараттық технологиялар колледжінің бухгалтері 26 миллион теңге жымқырғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігі.

ҚМА Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті Ақпараттық технологиялар колледжінде ақша жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады.

Анықталғандай, колледждің бас бухгалтері Ю.Безпалая қызметтік жағдайын пайдаланып, 2015-2020 жылдар аралығында бюджет қаражатын заңсыз иемдену бойынша қылмыстық схема ұйымдастырған.

Ол таныстары мен туыстарын колледжге жалған жұмысқа орналастырып, олардың атына заңсыз жалақы аударып, ақшаны өзі алып отырған.

Сот үкімімен бухгалтер 7 жылға сотталды. Сондай-ақ ол бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан он жылға айырылды.

Оқи отырыңыз: