03:56 12 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.15
  • EUR515.06
  • RUB5.61
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
2856 0 0

Мектеп бухгалтері 5,6 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық іс қозғады

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Көкшетаудағы мектептердің бірінде бас бухгалтер болып қызмет атқарған әйел өзіне бес миллион теңгені жалақы ретінде аударған, деп хабарлайды 716.kz паблигі.

№4 орта мектептің бухгалтері 5,6 миллион теңгені (11 500 доллар) өзіне жалақы ретінде заңсыз аударған. Бұл факті білім мекемесіне аудит жүргізу кезінде анықталды.

"Сарапшылар 5 миллион 605 мың теңге көлеміндегі қаражатты жымқыру фактісін анықтады. Бұл сома мемлекет бюджетіне қайтарылуға тиіс", - деп жазылған ақпаратта.

Анықталғандай, бас бухгалтер жалақыны есептеу кезінде жұмыс өтілі жоғары қызметкерге арналған жоғары коэффициентті қолданған.

Экс-ректор сотталып, директорлар ұсталды: 2020 жылы білім саласында болған дау-дамайлар

Жүргізілген аудит материалдары Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне жолданды. Аталған ведомство күдіктіге қылмыстық іс қозғады. Қазір 499 мың теңге (1100 доллар) бюджетке қайтарылды.

Загрузка...

Басты тақырып