Оқиға

Атырауда газ қазандығы жарылды: екі жас жігіт көз жұмды

Науқастардың бірінің денесін 85-90, екіншісін 90-95 процент күйік шалған. 22 жастағы келіншек ауруханада емделіп жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Атырауда газ қазандығы жарылған кезде қатты күйіп қалған 19 жастағы екі жас жігіт жансақтау бөлімінде көз жұмды. Екеуі де II-III дәрежелі күйікпен ауруханаға түскен, деп хабарлады "Мой город" басылымы.  

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес,  науқастардың бірінің денесін 85-90 процент күйік шалған. Ол 14 қараша күні жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

"Екінші науқастың денесінің 90-95 проценті күйіп қалған. Ол да көз жұмды", - дейді дәрігерлер.

Ал 22 жастағы келіншек ауруханада қажетті ем-домды алып жатыр. Оның денесі 25-30 процентке күйген.

Еске сала кетейік, 10 қарашада Атыраудағы 24-ші шағын ауданда орналасқан жекеменшік үйде газ қазандығы жарылған. Артынан алапат өрт басталды. Тілсіз жау 120 шаршы метрге шарпыған. Оқиға орнынан үш адам ауруханаға жеткізілді. Екеуін бірден жансақтау бөліміне жатқызған.  

Оқи отырыңыз: