НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Алматы қаласының әкімдігі қарашаның 15-20 аралығында Алматы қаласының жұмыс істеп жатқан жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй алу үшін Наурызбай ауданы мен Алатау ауданындағы пәтерге өтініштер мен құжаттарды қабылдау басталатынын хабарлады.
Тұрғын үй алу шарттары
Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру қағидалары "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру тәртібін айқындайды.
29 жасқа толмаған, жалпы білім беретін мектептердің, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.
Алматы қаласында соңғы 2 жылдан кем емес тұрақты тіркелуін растау (тұрғын үйді Алматы қаласынан жалға алуға үміттенетін адамдар үшін).
Орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасымен расталатын авариялық жағдайдағы, құлау қаупі бар тұрғын үйді қоспағанда, өтініш берушінің, жұбайының және кәмелетке толмаған балаларының өтініш беру алдында 2 жыл ішінде Қазақстан Республикасы бойынша меншік құқығындағы тұрғын үйдің, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің жоқтығын растау.
Өтініштерді және құжаттарды беру осы сайт арқылы жүзеге асырылады. Қабылдау порталында авторизация электрондық цифрлік қолтаңба арқылы жүргізіледі. Оны ХҚО-дан алуға болады.
Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй 5 жыл мерзімге беріледі.
Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй Алматы қаласында беріледі. 1050 пәтер Наурызбай ауданының "Алма сити-5" ТК және Алатау ауданының "Мәдениет" ТК орналасқан.
Жалға беру ақысы Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес анықталады.
Тұрғын үй қайда орналасқан
Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй Алматы қаласында беріледі. 1050 пәтер Наурызбай ауданының "Алма сити-5" ТК және Алатау ауданының "Мәдениет" ТК орналасқан.
Жалға беру ақысы Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес анықталады.
Қажетті құжаттар
- Ережедегі қосымшаға сәйкес форма бойынша өтініш (өтінімді толтырған соң өзі құрылады);
- Берушінің және ерлі-зайыптылардың (бар болса) жеке басын куәландыратын сканерленген құжат;
- Білім туралы сканерленген құжаты (диплом, сертификаттар);
- Неке қию туралы сканерленген куәлік (бар болса);
- Балалардың сканерленген туу туралы куәлігі (бар болса);
- Қазақстан Республикасы бойынша өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
- Жұмыс орнынан сканерленген анықтама, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлік жүргізген жағдайда жеке кәсіпкерліктің тіркелуі туралы куәлік;
- Өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы сканерленген анықтамасы;
- Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын сканерленген құжаттары (бюджеттік ұйымда өтілді растау үшін еңбек кітапшаның сканерленген беттерін немесе өтілді растатын анықтаманы жүктеу керек болады);
- Екінші деңгейлі банктердің жинақ шоттарындағы (депозиттеріндегі) жинақтардың болуы және нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы сканерленген үзінді;
- Өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын сканерленген құжаттары (кәсіби саладағы жетістіктер ескерілуі қажет. Мысалы, дипломдар, марапаттар және басшылықтың алғыс хаттары).
- Сонғы 2 жыл аралығында Алматы қаласы аймағында тіркеу орны өзгенген жағдайда, көші-қон органнан 2-жылдық тіркеуді растайтын сканерленген құжат жүктеліну керек (Полицияның көші-қон басқармасы).
Қосымша: Өтініш берушінің өзі немесе отбасының мүшесі созылмалы аурумен ауыратын немесе 1-2 дәрежелі мүгедектік мәртебесі бар болған жағдайда, оған қоса мүгедек-балаларды тәрбилейтін отбасылар қосымша әлеуметтік мәртебесін көрсетіп, оған растайтын құжаттарды жүктеу керек. Конкурс бойынша өткен жағдайда пәтерді талабы бойынша бірінші немесе екінші қабатта жалға алуға болады.
Өтініш беруші Қағидалардың 5-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, өтініш берушіге 1 (бір) жұмыс күні ішінде жоқ құжаттарды портал арқылы қосымша ұсынуға мүмкіндік беріледі.
Өтініштер almaty-jastary.info сайтында қабылданады.
Оқи отырыңыз:
Қазақстанда тұрғын үй қымбаттады
Айына – 5 мың теңге: елордада арзан пәтерге өтінім қабылдау басталады