Өңірлер

Шығыс Қазақстанда өртенген пәтерден ер адамның мәйіті табылды – фото

Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келген сәтте жеке заттар, төсек жабдықтары жанып жатты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданы Нагорная көшесіндегі тұрғын үйдің екінші қабатында пәтер өртенді, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте жеке заттар, төсек жабдықтары жанып жатты. Бірінші кезекте тұрғындар эвакуацияланды. Сондай-ақ өрт сөндірушілер 2007 жылы туған қыз баланы қатты түтіндеген көрші пәтерден алып шықты.

Өрт ошағындағы пәтерден 1972 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Өрт сөндірушілер 2 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді. Алдын ала болжам бойынша өрт мас күйінде темекі шегу кезіндегі абайсыздықтан туындаған.

Оқи отырыңыз: