Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда қызбен кездесуге барған жігіт полициядан көмек сұрады

Астаналық полицияға арыз жазды. Ол таксиде бойжеткенмен танысқан. Бірнеше күннен соң кездесуге шақырған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша — Sputnik. Нұр-Сұлтанда қызбен кездесуге барған жігіт телефонынан айырылды, деп хабарлайды астаналық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Астаналық полицияға арыз жазған. Ол таксиде бойжеткенмен танысқан. Бірнеше күннен соң кездесуге шақырған.

Екеуі дәмханада ішімдік ішіп, қонақүйге бет алған. Жігіт бөлмеде ұйықтап қалған кезде күдікті Samsung G2 телефонын қолды етіп, қонақүйден кетіп қалған.

Іздеу шараларының нәтижесінде 30 жастағы әйел ұсталды. Ол ұрлық жасағанын мойындап отыр. Телефон иесіне қайтарылды. 

Оның ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. 

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті бейтаныс адамдарға сенбеу керектігін ескертеді. Жеке заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес берді. 

Оқи отырыңыз: