Өңірлер

Ақтөбелік қызбен бір рет кездесуге 600 мың теңге жұмсады

© Photo : Pixabay / Mabel AmberВлюбленная пара
Влюбленная пара - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2021
Жазылу
Ер адам жуынуға кеткен кезде бойжеткенге телефонын берген. Ол жігіттің телефонындағы мобильдік қосымша арқылы тамаққа тапсырыс жасады

НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан — Sputnik. Қызбен кездескен ақтөбелік қомақты қаржыдан айырылды.

Жігіт қызбен танысып, үйіне барды. Ішімдік ішіп, келесі күні түсте бір-ақ оянған, деп жазады "Диапазон" басылымы.

Ер адам жуынуға кеткен кезде бойжеткенге телефонын берген. Ол жігіттің телефонындағы мобильдік қосымша арқылы тамаққа тапсырыс жасады.

Бойжеткен тамақ таңдап қана қоймай, жігіттің есепшотынан өзінің танысына 600 мың теңге аударды. Ақша ұрланғанын ер адам кейін білді. 

Полиция айласын асырған бойжеткенді ұстады. Ол ақшаны танысына жіберіп, кейін өзі шешіп алғанын айтты.

Ал сотта сол күні үйіне екі танысы келіп, жігіттің телефонын ашып, ақшаны алып қойғанын жеткізді. Өзін қорқытты деп ақталмақ болды. Судья күдікті сотта емес, тергеу барысында шындықты айтты деген шешімге келді.

Ол сот үкімі бойынша екі жылын қоныс колониясында өткізеді. Сондай-ақ, жігітке 600 мың теңгесін қайтаруы керек.

 

Жаңалықтар
0