НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жасөспірімдерді Pfizer препаратымен коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жөнінде тапсырма берді.
Бүгін COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Ералы Тоғжанов барлық өңірдің басшылығына белгіленген ережені қатаң сақтауды және жасөспірімдерді баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша ақпараттандырылған келісімімен ғана вакцинациялауды тапсырды, деп хабарлады ведомствоаралық комиссия.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанға 12-ден 18 жасқа дейінгі балаларды, жүкті және бала емізетін әйелдерді егуге арналған Pfizer вакцинасының бірінші партиясы жеткізілген болатын.
Оқи отырыңыз: