Қоғам

Вице-премьер жасөспірімдерді ата-анасының жазбаша келісімімен ғана вакциналауды тапсырды

© Sputnik / Абзал КалиевПодарок за прививку от коронавируса
Подарок за прививку от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2021
Жазылу
Қазақстанда 12 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерді коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау науқаны басталды

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жасөспірімдерді Pfizer препаратымен коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жөнінде тапсырма берді.

Бүгін COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Ералы Тоғжанов барлық өңірдің басшылығына белгіленген ережені қатаң сақтауды және жасөспірімдерді баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша ақпараттандырылған келісімімен ғана вакцинациялауды тапсырды, деп хабарлады ведомствоаралық комиссия.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанға 12-ден 18 жасқа дейінгі балаларды, жүкті және бала емізетін әйелдерді егуге арналған Pfizer вакцинасының бірінші партиясы жеткізілген болатын. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0