Фото

Бейжің қысқы Олимпиада ойындарына қалай дайындалып жатыр – фото

Sputnik

Бейжің қысқы Олимпиаданы өткізу құқығын 2015 жылдың 3 шілдесінде жеңіп алған болатын. Сол шақта қытай қаласына Алматы да бәсекелес болды. Қазақстандық мегаполиске жеңіске жету үшін бірнеше дауыс жетпей қалды.

Қысқы спорттың жеті түрі бойынша 109 медаль жинағы бәйгеге тігіледі. Алғашқы алты жинақ Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуынан кейін 5 ақпанда табысталады. Ал Олимпиада жабылғаннан кейін тағы төрт марапат беріледі.

Дүбірлі доданың салтанатты түрде ашылуы көрерменсіз өтетініне қарамастан, көгілдір экран арқылы тамашалайтындар саны аз болмайтыны анық. Бұл жолғы Олимпада да 2008 жылы жазғы Олимпиада ойындары өткен стадионда ашылады. Бірақ шараны ұйымдастырушылар көрерменді таңғалдыратын тұстар көп болады деп уәде етуде.

Қысқы Олимпиада Бейжің орталығында, Яньцин және Чжанцзякоу аудандарында өтеді. Жалпы Бейжіңдегі барлық спорт нысаны қысқы спорт түрлеріне ыңғайластырылып қайта жабдықталуда.

Яньцин Бейжіңнен солтүстік-батысқа қарай 80 километр қашықтықта орналасқан. Мұнда Ұлы Қытай қақпасының Бадалин мен Цзюньдугуань атты әйгілі учаскелері бар. Осы ауданда тау шаңғысы, бобслей, скелетон және шана спорты бойынша жарыс өтеді.

Ал әлдеқайда солтүстік-батысқа қарай орналасқан Хэбэй провинциясындағы Чжанцзякоуда Чунли атты танымал қысқы курорты бар. Мұнда сноубординг, шаңғы фристайлы, шаңғымен жарыс, трамплиннен секіру, биатлон сынды спорт түрлері бойынша медаль үшін жарыс өтеді.

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың ақпанында өтеді. Ол Қытай Жаңа жылы немесе Көктем мерекесі деп аталатын қытайлардың басты ұлттық мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр.

Бейжің қысқы Олимпиада ойындарына қалай дайындалып жатқанын суреттер топтамасынан көріңіз.

1 / 10
2008 жылы Бейжіңде өткен жазғы Олимпиада ойындарының бес алаңы қысқы ойындар кезінде қайта қолданылады.
2 / 10
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың ақпанында өтеді. Ол Қытай Жаңа жылы немесе Көктем мерекесі деп аталатын қытайлардың басты ұлттық мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр.
3 / 10
Қытай астанасы жазғы және қысқы Олимпиада ойындарын өткізетін алғашқы қала болады.
4 / 10
Олимпиада ойындары "Таза мұз бен қардағы қуанышты кездесу" деген ұранмен өтеді және 2008 жылғы жазғы Олимпиада мұрасына сүйенеді. Шараны ұйымдастырушылар Бейжің-2022 қысқы Олимпиада ойындары миллиондаған қытайды қысқы спорт түрлерімен әуестенуге шабыттандырады деп үміттенуде.
5 / 10
Хебей провинциясындағы Чунли қысқы курортында да спорт жарыстары өтеді. Мұнда сноубординг, шаңғы фристайлы, шаңғымен жарыс, трамплиннен секіру, биатлон сынды спорт түрлері бойынша медаль үшін жарыс өтеді.
6 / 10
Олимпиада бағдарламасында жеті жаңа жарыс түрі пайда болады: әйелдер арасындағы жеке бобслей, ерлер мен әйелдер арасындағы таудағы биг-эйр, шорт-тректегі аралас эстафета, сондай-ақ трамплиннен секіру, фристайл және сноуборд-кросс бойынша аралас командалық жарыс.
7 / 10
2008 жылы жазғы Олимпиада өткен стадиондардың бірі. Мұнда ақпанда керлинг бойынша жарыс өтеді.
8 / 10
2022 жылы Бейжіңде өтетін Олимпиада ойындарының эмблемасы "қыс" сөзін білдіретін иероглифпен көмкерілген.
9 / 10
"Құс ұясы" ұлттық стадионы араға он төрт жыл салып тағы да Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтетін басты алаңға айналады.
10 / 10
Бейжің қаласына жақын орналасқан Яньцин ауданында тау шаңғысы, бобслей, скелетон және шана спорты бойынша жарыс өтеді.