Бейжің қысқы Олимпиаданы өткізу құқығын 2015 жылдың 3 шілдесінде жеңіп алған болатын. Сол шақта қытай қаласына Алматы да бәсекелес болды. Қазақстандық мегаполиске жеңіске жету үшін бірнеше дауыс жетпей қалды.
Қысқы спорттың жеті түрі бойынша 109 медаль жинағы бәйгеге тігіледі. Алғашқы алты жинақ Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуынан кейін 5 ақпанда табысталады. Ал Олимпиада жабылғаннан кейін тағы төрт марапат беріледі.
Дүбірлі доданың салтанатты түрде ашылуы көрерменсіз өтетініне қарамастан, көгілдір экран арқылы тамашалайтындар саны аз болмайтыны анық. Бұл жолғы Олимпада да 2008 жылы жазғы Олимпиада ойындары өткен стадионда ашылады. Бірақ шараны ұйымдастырушылар көрерменді таңғалдыратын тұстар көп болады деп уәде етуде.
Қысқы Олимпиада Бейжің орталығында, Яньцин және Чжанцзякоу аудандарында өтеді. Жалпы Бейжіңдегі барлық спорт нысаны қысқы спорт түрлеріне ыңғайластырылып қайта жабдықталуда.
Яньцин Бейжіңнен солтүстік-батысқа қарай 80 километр қашықтықта орналасқан. Мұнда Ұлы Қытай қақпасының Бадалин мен Цзюньдугуань атты әйгілі учаскелері бар. Осы ауданда тау шаңғысы, бобслей, скелетон және шана спорты бойынша жарыс өтеді.
Ал әлдеқайда солтүстік-батысқа қарай орналасқан Хэбэй провинциясындағы Чжанцзякоуда Чунли атты танымал қысқы курорты бар. Мұнда сноубординг, шаңғы фристайлы, шаңғымен жарыс, трамплиннен секіру, биатлон сынды спорт түрлері бойынша медаль үшін жарыс өтеді.
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың ақпанында өтеді. Ол Қытай Жаңа жылы немесе Көктем мерекесі деп аталатын қытайлардың басты ұлттық мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр.
Бейжің қысқы Олимпиада ойындарына қалай дайындалып жатқанын суреттер топтамасынан көріңіз.