Қоғам

Алматы тұрғынынан жалпы құны миллионға жуықтайтын жалған доллар тәркіленді – видео

Қалиев 2020 жылдың қыркүйегінен қарашасына дейін номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған шетел валютасын бірнеше рет өткізген
Sputnik

АЛМАТЫ, 11 қараша – Sputnik. Алматыда былтыр қыркүйекте ұсталған жалған ақша жасаушы бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, ер адам 2020 жылдың қыркүйегінде ұсталған. Ол жалған 93 мың АҚШ доллары купюраларын өткізбек болғанда қолға түсті.

"Тергеу мәліметі бойынша Қалиев 2020 жылдың қыркүйегінен қарашасына дейін номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған шетел валютасын бірнеше рет өткізген", - делінген ақпаратта.

Тінту нәтижесінде заңсыз айналымнан 975 мыңнан астам жалған доллар тәркіленді.

Қалиевке 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарға мұқият болып, жалған банкнотты тапқан жағдайда дереу агенттікке + 7 (7172) 708 478 сенім телефоны немесе әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар арқылы хабарласуды сұрады.

Оқи отырыңыз: