Өңірлер

Алматыда жас жігіт пен оның әпкесі қылмыс үстінде ұсталды – видео

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2021
Жазылу
25 жастағы медбике КВИ-ге қарсы егілгендердің мәліметтер базасына "клиенттердің" жеке деректерін енгізіп тұрған

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Алматы қаласында жалған вакциналау паспортын жасаған жігіт пен оның әпкесі ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, қылмыс жедел және арнайы іс-шаралар барысында анықталды. Криминалдық полицияның назарына алдымен 22 жастағы жігіт іліккен.

"Ол  ұйымдастыру жұмысына жауап берген. Келіссөз жүргізіп, адам тапқан. Сосын электронды аударымдар арқылы төлем қабылдаған. Одан кейін қаладағы емханалардың бірінде медбике болып жұмыс істейтін әпкесі арқылы жалған вакциналау паспорттарын жасаған", - дейді полицейлер.

25 жастағы медбике КВИ-ге қарсы егілгендердің мәліметтер базасына "клиенттердің" жеке деректерін енгізіп тұрған. Тергеушілер медбикенің жұмыс орнына тексеріс жүргізді. Кеңсе техникасы мен профилактикалық егуді тіркеу құжаттары тәркіленді.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Екеуі де жауапқа тартылып жатыр.

Күдіктінің айтуынша, бас кезінде оның өзіне анықтама қажет болған. Себебі ол құжатты жұмыс орны талап еткен. Содан әпкесінен көмек сұраған. Артынан заңсыз ақша жасауға болатынын түсінген. 

Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 385-бабы (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша 2 000 АЕК-ке (5 834 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, я болмаса, сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Жаңалықтар
0