Фото

Вулкан 50 күннен бері атқылап жатыр: Пальма аралы қазір қандай күйде – фото

Sputnik

Вулкан салдарынан қаңырап бос қалған зәулім үйлер, лаваның отты арналары, қираған ғимараттар мен жолдар, вулкан күлінің салдарынан қалыптасқан үрейлі ландшафттар. Желі мен әлемдік фотоагенттіктерде жеті аптадан бері Кумбре-Вьеха вулканы атқылап жатқан Пальма аралының суреттері жарияланып жатыр. 

Арал аумағы 700 шаршы километрден асады. Эвакуацияға дейін мұнда 83 мың адам тұратын. Табиғат апаты салдарынан екі мыңға жуық ғимарат қирап, магма жағалау маңындағы суларға жақындап қалды.

Пальма аралындағы вулкан банан плантацияларына үлкен зиян келтіріп, жергілікті шаруалар қып-қызыл шығынға батты. Ал Пальма Канар аралдарында банан өсіру бойынша екінші орында тұрған болатын.

БАҚ осы жолғы вулканның атқылауы соңғы бес ғасырдағы ең үлкен апатқа алып келгенін жарыса жазып жатыр.

Бұған дейін хабарлағандай, 19 қыркүйектен бері Кумбре-Вьеха вулканының атқылауы тоқтар емес. Күл мен оттың астында қалған Пальма аралының бүгінгі бейнесін суреттер топтамасынан көріңіз.

Оқи отырыңыз: 

 

 

1 / 14
Кумбре-Вьеха вулканы соңғы бес ғасырдағы испан аралындағы ең апатты жанартау атқылауы болып отыр. Күні бүгінге дейін вулканнан үлкен көлемде магма, газ бен күл бөлініп жатыр.
2 / 14
Арал тұрғындары қажетті заттарын жинап, Ла-Пальма аралындағы вулкан күлі басып қалған үйлерін тастап кетуде. Жеті мыңнан астам адам эвакуацияланды.
3 / 14
Пальма испан аралындағы Кумбре-Вьеха вулканының атқылауы салдарынан түзілген лава ағыны мұхитқа жетті. Сарапшылар нарттай қызыл лаваның сумен жанасуы салдарынан улы газдар түзілуі мүмкін деп қорқып отыр.
4 / 14
Желіде қаңырап бос қалған зәулім үйлер мен оның жанынан ағып бара жатқан қызыл лаваның және түтін салдарынан сұрланған аспанның суреттері тарап жатыр.
5 / 14
Пальма аралындағы вулкан банан плантацияларына үлкен зиян келтіріп, жергілікті шаруалар қып-қызыл шығынға батты. Ал Пальма Канар аралдарында банан өсіру бойынша екінші орында тұрған болатын. Сондай-ақ су тапшылығы да банан өніміне үлкен қауіп төндірді. Күл мен құм бананға тигеннен кейін оны тазалау мүмкін болмай отыр.
6 / 14
19 қыркүйектен атқылап бастаған вулкан лавасы 900 гектардан астам аумақты жауып қалды. Суретте: Пальма аралындағы вулкан атқылауынан күл астында қалған үй.
7 / 14
Табиғат апатынан екі мыңнан астам ғимарат қирап, магма жағалау маңындағы суларға жетіп қалды. Соның салдарынан атмосфераға тұз қышқылының буы бөлініп жатыр.
8 / 14
Ла-Пальмада су тапшылығы бар. Себебі мұнда өзен, көл мен су қоймалары жоқ. Суретте: Пальма аралындағы вулкан атқылауынан кейін күл астында қалып қойған ғимараттар.
9 / 14
Вулкан атқылауын өз көзімен көру үшін мыңдаған турист Пальма испан аралына баруды армандайды.
10 / 14
Мамандар вулкан атқылаған сәттен бастап жануарлардың іс-қимылында айтарлықтай өзгеріс байқалғанын анықтады. Бәрінен бұрын лава жапқан тас астына тығылу мүмкіндігінен айырылған бауырымен жорғалаушыларға қиын болды. Суретте: Пальма аралындағы вулкан атқылауынан күл астында қалып қойған тасбақа мүсіні.
11 / 14
Аралдағы сейсмикалық ахуал мәз емес. Испанияның Ұлттық география институтындағылар вулканның атқылауы қашан тоқтайтынын нақты айта алмай отыр. Суретте: Пальма аралындағы вулкан атқылауынан күл басқан жол.
12 / 14
Лас-Манчас қорымы да күл астында қалып, кресттер ғана көрініп тұр. Лава ағыны зираттарға 200 метр жетпей тоқтады.
13 / 14
Жергілікті тұрғындар қарашаның басында өтетін Әулиелер күні және Өлілер күнінде бейіт басына келе алмады. Мұндағы мүрделерге зақым келмегенімен, қорым жабық тұр. Суретте: Пальма аралындағы вулкан атқылауының салдарынан күл қабатының астында қалған бейіттер.
14 / 14
Аралдағы шамамен 70 километр жолға зақым келіп, вулкан салдарынан бос далаға айналды. Суретте: әсерилер Пальма аралындағы вулкан атқылауынан күл басып қалған үй шатырын тазалап жатыр.