Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Вулкан 50 күннен бері атқылап жатыр: Пальма аралы қазір қандай күйде – фото

Жазылу
Испанияның Ұлттық география институтындағылар Канар архипелагына кіретін Пальма аралындағы Кумбре-Вьеха вулканының атқылауы қашан тоқтайтынын нақты айта алмай отыр

Вулкан салдарынан қаңырап бос қалған зәулім үйлер, лаваның отты арналары, қираған ғимараттар мен жолдар, вулкан күлінің салдарынан қалыптасқан үрейлі ландшафттар. Желі мен әлемдік фотоагенттіктерде жеті аптадан бері Кумбре-Вьеха вулканы атқылап жатқан Пальма аралының суреттері жарияланып жатыр. 

Арал аумағы 700 шаршы километрден асады. Эвакуацияға дейін мұнда 83 мың адам тұратын. Табиғат апаты салдарынан екі мыңға жуық ғимарат қирап, магма жағалау маңындағы суларға жақындап қалды.

Пальма аралындағы вулкан банан плантацияларына үлкен зиян келтіріп, жергілікті шаруалар қып-қызыл шығынға батты. Ал Пальма Канар аралдарында банан өсіру бойынша екінші орында тұрған болатын.

БАҚ осы жолғы вулканның атқылауы соңғы бес ғасырдағы ең үлкен апатқа алып келгенін жарыса жазып жатыр.

Бұған дейін хабарлағандай, 19 қыркүйектен бері Кумбре-Вьеха вулканының атқылауы тоқтар емес. Күл мен оттың астында қалған Пальма аралының бүгінгі бейнесін суреттер топтамасынан көріңіз.

Оқи отырыңыз: 

 

 

© AP Photo / Emilio MorenattiКумбре-Вьеха вулканы соңғы бес ғасырдағы испан аралындағы ең апатты жанартау атқылауы болып отыр. Күні бүгінге дейін вулканнан үлкен көлемде магма, газ бен күл бөлініп жатыр.
Потоки лавы разрушают дома и банановые плантации, поскольку вулкан продолжает извергаться на канарском острове Ла-Пальма, Испания - Sputnik Қазақстан
1/14
Кумбре-Вьеха вулканы соңғы бес ғасырдағы испан аралындағы ең апатты жанартау атқылауы болып отыр. Күні бүгінге дейін вулканнан үлкен көлемде магма, газ бен күл бөлініп жатыр.
© AP Photo / Emilio MorenattiАрал тұрғындары қажетті заттарын жинап, Ла-Пальма аралындағы вулкан күлі басып қалған үйлерін тастап кетуде. Жеті мыңнан астам адам эвакуацияланды.
Жительница покидает свой дом, покрытый пеплом от извержения вулкана, после того, как забрала свои последние вещи на канарском острове Ла-Пальма, Испания, в понедельник, 1 ноября 2021 г. Вулкан на испанском острове Ла-Пальма, - Sputnik Қазақстан
2/14
Арал тұрғындары қажетті заттарын жинап, Ла-Пальма аралындағы вулкан күлі басып қалған үйлерін тастап кетуде. Жеті мыңнан астам адам эвакуацияланды.
© AP Photo / HANDOUTПальма испан аралындағы Кумбре-Вьеха вулканының атқылауы салдарынан түзілген лава ағыны мұхитқа жетті. Сарапшылар нарттай қызыл лаваның сумен жанасуы салдарынан улы газдар түзілуі мүмкін деп қорқып отыр.
Потоки лавы, которые образовались в результате извержения вулкана Кумбре-Вьеха на испанском острове Пальма, добралась до океана. Эксперты опасаются, что в результате контакта раскаленной докрасна лавы с водой могут образоваться ядовитые газы. - Sputnik Қазақстан
3/14
Пальма испан аралындағы Кумбре-Вьеха вулканының атқылауы салдарынан түзілген лава ағыны мұхитқа жетті. Сарапшылар нарттай қызыл лаваның сумен жанасуы салдарынан улы газдар түзілуі мүмкін деп қорқып отыр.
© AP Photo / Emilio MorenattiЖеліде қаңырап бос қалған зәулім үйлер мен оның жанынан ағып бара жатқан қызыл лаваның және түтін салдарынан сұрланған аспанның суреттері тарап жатыр.
Лава течет из вулкана, продолжающего извергаться на канарском острове Ла-Пальма, Испания Испания, понедельник, 1 ноября 2021 г. Вулкан на испанском острове Ла-Пальма, который извергался в течение шести недель, извергнул больше пепла. его главный рот через день после сильнейшего землетрясения на сегодняшний день. (AP Photo / Эмилио Моренатти) - Sputnik Қазақстан
4/14
Желіде қаңырап бос қалған зәулім үйлер мен оның жанынан ағып бара жатқан қызыл лаваның және түтін салдарынан сұрланған аспанның суреттері тарап жатыр.
© AP Photo / Emilio MorenattiПальма аралындағы вулкан банан плантацияларына үлкен зиян келтіріп, жергілікті шаруалар қып-қызыл шығынға батты. Ал Пальма Канар аралдарында банан өсіру бойынша екінші орында тұрған болатын. Сондай-ақ су тапшылығы да банан өніміне үлкен қауіп төндірді. Күл мен құм бананға тигеннен кейін оны тазалау мүмкін болмай отыр.
Антонио Альварес несет связку бананов на банановой плантации на Канарском острове Ла-Пальма, Испания, воскресенье, 31 октября 2021 г. Вулкан, ревущий на Ла-Пальма в Испании более шести недель, уничтожил средства к существованию тысяч людей. фермеры и рабочие, которые выращивают и продают бананы с Канарских островов. На данный момент потоки лавы покрыли более 390 акров земли, предназначенной для выращивания сладких желтых фруктов, которые питают 30% экономического двигателя атлантического острова. (AP Photo / Эмилио Моренатти) - Sputnik Қазақстан
5/14
Пальма аралындағы вулкан банан плантацияларына үлкен зиян келтіріп, жергілікті шаруалар қып-қызыл шығынға батты. Ал Пальма Канар аралдарында банан өсіру бойынша екінші орында тұрған болатын. Сондай-ақ су тапшылығы да банан өніміне үлкен қауіп төндірді. Күл мен құм бананға тигеннен кейін оны тазалау мүмкін болмай отыр.
© AP Photo / Emilio Morenatti19 қыркүйектен атқылап бастаған вулкан лавасы 900 гектардан астам аумақты жауып қалды. Суретте: Пальма аралындағы вулкан атқылауынан күл астында қалған үй.
Дом под пеплом вследствие извержения вулкана на острове Пальма - Sputnik Қазақстан
6/14
19 қыркүйектен атқылап бастаған вулкан лавасы 900 гектардан астам аумақты жауып қалды. Суретте: Пальма аралындағы вулкан атқылауынан күл астында қалған үй.
© AP Photo / Emilio MorenattiТабиғат апатынан екі мыңнан астам ғимарат қирап, магма жағалау маңындағы суларға жетіп қалды. Соның салдарынан атмосфераға тұз қышқылының буы бөлініп жатыр.
Покрытый пеплом дом вследствие извержения вулкана на острове Пальма - Sputnik Қазақстан
7/14
Табиғат апатынан екі мыңнан астам ғимарат қирап, магма жағалау маңындағы суларға жетіп қалды. Соның салдарынан атмосфераға тұз қышқылының буы бөлініп жатыр.
© AFP 2024 / Luismi Ortiz / UMEЛа-Пальмада су тапшылығы бар. Себебі мұнда өзен, көл мен су қоймалары жоқ. Суретте: Пальма аралындағы вулкан атқылауынан кейін күл астында қалып қойған ғимараттар.
Вид на покрытые пеплом здания вследствие извержения вулкана на острове Пальма - Sputnik Қазақстан
8/14
Ла-Пальмада су тапшылығы бар. Себебі мұнда өзен, көл мен су қоймалары жоқ. Суретте: Пальма аралындағы вулкан атқылауынан кейін күл астында қалып қойған ғимараттар.
© AFP 2024 / JORGE GUERREROВулкан атқылауын өз көзімен көру үшін мыңдаған турист Пальма испан аралына баруды армандайды.
Тысячи туристов как ожидается посетят испанский остров Пальма, что бы своими глазами увидеть извержение вулкана  - Sputnik Қазақстан
9/14
Вулкан атқылауын өз көзімен көру үшін мыңдаған турист Пальма испан аралына баруды армандайды.
© REUTERS / Borja SuarezМамандар вулкан атқылаған сәттен бастап жануарлардың іс-қимылында айтарлықтай өзгеріс байқалғанын анықтады. Бәрінен бұрын лава жапқан тас астына тығылу мүмкіндігінен айырылған бауырымен жорғалаушыларға қиын болды. Суретте: Пальма аралындағы вулкан атқылауынан күл астында қалып қойған тасбақа мүсіні.
Фигура черепахи под пеплом вследствие извержения вулкана на острове Пальма - Sputnik Қазақстан
10/14
Мамандар вулкан атқылаған сәттен бастап жануарлардың іс-қимылында айтарлықтай өзгеріс байқалғанын анықтады. Бәрінен бұрын лава жапқан тас астына тығылу мүмкіндігінен айырылған бауырымен жорғалаушыларға қиын болды. Суретте: Пальма аралындағы вулкан атқылауынан күл астында қалып қойған тасбақа мүсіні.
© AFP 2024 / Luismi Ortiz / UMEАралдағы сейсмикалық ахуал мәз емес. Испанияның Ұлттық география институтындағылар вулканның атқылауы қашан тоқтайтынын нақты айта алмай отыр. Суретте: Пальма аралындағы вулкан атқылауынан күл басқан жол.
Покрытая пеплом дорога вследствие извержения вулкана на острове Пальма - Sputnik Қазақстан
11/14
Аралдағы сейсмикалық ахуал мәз емес. Испанияның Ұлттық география институтындағылар вулканның атқылауы қашан тоқтайтынын нақты айта алмай отыр. Суретте: Пальма аралындағы вулкан атқылауынан күл басқан жол.
© REUTERS / Borja Suarez Лас-Манчас қорымы да күл астында қалып, кресттер ғана көрініп тұр. Лава ағыны зираттарға 200 метр жетпей тоқтады.
Покрытые пеплом могилы и кресты вследствие извержения вулкана на острове Пальма - Sputnik Қазақстан
12/14
Лас-Манчас қорымы да күл астында қалып, кресттер ғана көрініп тұр. Лава ағыны зираттарға 200 метр жетпей тоқтады.
© AP Photo / Emilio MorenattiЖергілікті тұрғындар қарашаның басында өтетін Әулиелер күні және Өлілер күнінде бейіт басына келе алмады. Мұндағы мүрделерге зақым келмегенімен, қорым жабық тұр. Суретте: Пальма аралындағы вулкан атқылауының салдарынан күл қабатының астында қалған бейіттер.
Моглы под слоем пепла вследствие извержения вулкана на острове Пальма - Sputnik Қазақстан
13/14
Жергілікті тұрғындар қарашаның басында өтетін Әулиелер күні және Өлілер күнінде бейіт басына келе алмады. Мұндағы мүрделерге зақым келмегенімен, қорым жабық тұр. Суретте: Пальма аралындағы вулкан атқылауының салдарынан күл қабатының астында қалған бейіттер.
© AP Photo / Emilio MorenattiАралдағы шамамен 70 километр жолға зақым келіп, вулкан салдарынан бос далаға айналды. Суретте: әсерилер Пальма аралындағы вулкан атқылауынан күл басып қалған үй шатырын тазалап жатыр.
Армия очищает крышу дома от пепла вследствие извержения вулкана на острове Пальма - Sputnik Қазақстан
14/14
Аралдағы шамамен 70 километр жолға зақым келіп, вулкан салдарынан бос далаға айналды. Суретте: әсерилер Пальма аралындағы вулкан атқылауынан күл басып қалған үй шатырын тазалап жатыр.
Жаңалықтар
0