Денсаулық

Дәрігер ыстық шай несімен зиян екенін айтты

Ыстық шай ішуді әдетке айналдырған қазақстандықтар үшін бұл ақпарат өзекті болып отыр. Маман қалай сақтануға болатынын түсіндірді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша — Sputnik. Терапевт дәрігер тым ыстық сусын ішу денсаулыққа зиян екенін айтып берді.

"Көп адам ыстық шай, кофе ішкенді ұнатады. Алайда бұл өңештің қатерлі ісігіне алып келуі мүмкін. Себебі температурасы жоғары сусындар өңештің ішкі жасушаларын зақымдап, қатерлі ісікке айналатын шағын жарақаттар тудыруы мүмкін", - деді дәрігер.

Сусын ішер алдында оны біршама салқындату керек немесе салқын сүт қосуға болады, деп жазды РИА Новости.

Оқи отырыңыз: