Қоғам

Кофені қай уақытта ішуге болмайды –  дәрігер кеңесі

© Photo : PixabayПсихолог Анна Волчек рекомендует написать список дел, которые находятся в вашей власти
Психолог Анна Волчек рекомендует написать список дел, которые находятся в вашей власти - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сергіп алу үшін таңертең аш қарынға кофе ішетіндердің асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары асқынып кетуі мүмкін

АЛМАТЫ, 18 қараша – Sputnik. Ресейлік эндокринолог, нутрициолог, диетолог Алексей Калинчев таңертең аш қарынға кофе ішуге болмайтынын айтты.

Мұндай кезде асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары, мысалы, гастрит, ұйқы безі қабынып (панкреатит), асқазан жарасы асқынуы мүмкін.

"Іс жүзінде бізде бұл аурулар бар, олар белгілі бір кезеңде тұр. Олар мектеп, студенттік жылдардан бастап ауру бетінің қайтуы (ремиссия) жағдайында болуы мүмкін", - деді Алексей Калинчев Sputnik радиосына берген сұхбатында.

Маман аш қарынға кофе ішуді дұрыс тамақтанбаумен байланыстырады. Таңертең адам өзінің аш екенін сезінбейді және тамақтанғысы келмейді. Сергіп алу үшін кофе ішеді.

Диетологтың айтуынша, тамақтанғаннан кейін кофені кез келген нәрсемен ішуге болады. Мұндай жағдайда кофеге сүт қосылып-қосылмағаны маңызды емес.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар ұзақ өмір сүру үшін қанша уақыт ұйықтау қажет екенін анықтады 

Сондай-ақ, маман кофені десертпен бірге ішуге болатынын айтты, алайда тәттіні де көп жеудің қажеті жоқ.

"Кофені тәттімен бірге ішуден семіздік пайда болмайды. Кофесүйер қауым әдетте күніне бірнеше кесе кофе ішеді. Десертті барлығы қатар жей бермейді. Мұны ұнататындар саны көп емес. Тойып тамақтанғаннан кейін тәттіні кей адамдар ғана жейді, ересектер бұлай істемейді", - деді Калинчев.

Дәрігер кофенің үнемі сергіте бермейтінін, кейде кері әсер ететінін де атап өтті.

Жаңалықтар
0