Өңірлер

Таразда да пластик жауқазындар "егілді" – видео

Тараз қаласы әкімдігі инсталляция қыркүйек айында орнатылғанын айтты. Және алаң кәсіпкерлердің қаражатына жасалған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша – Sputnik. Пластиктен жасалған "Гүлдер алаңы" инсталляциясы Тараз қаласында да пайда болды.

Әлеуметтік желіде жұрт Таразда "егілген" пластик гүлдерді қызу талқылап жатыр, деп жазды Лада.

Жергілікті әкімдік болса бұл алаң Таразда Ақтаудағыдан бұрын пайда болғанын айтқан.

"Біздің білуімізше, Ақтауда пластиктен жасалған жауқазындарды жақсы көретін әкім бар. Сөйтсек, ол ғана емес, Тараздың әкімі де мұндай гүлді жақсы көреді екен. Олар құлап жатқан жоқ, бірақ біразының басы тозып кеткен", - дейді видео авторы.

Тараз қаласы әкімдігі инсталляция қыркүйек айында орнатылғанын айтты. Және алаң кәсіпкерлердің қаражатына жасалған болып шықты.

"Мұндай алаң Ақтауда кейінірек пайда болды. Гүлдердің құлағаны немесе сынғаны байқалмайды. Мамандар оны күнделікті тексеріп тұрады", - деді әкімнің кеңесшісі Зарина Қуатова.

Оқи отырыңыз: