Фото

Әлемдегі ең тұзды теңіз көзден ғайып болып барады – фото

Sputnik

Бірнеше он жылдың ішінде Өлі теңіз аумағының үштен бір бөлігі тартылып, суы жыл сайын бір метрге қысқаруы жалғасып жатыр.

Өткен ғасыр ортасы мен аяғында салынған курорт аймақтары мен қонақүйлерден қазіргі жағажайға дейін екі шақырым жаяу жүруге тура келеді.

Экобелсенділер мен суретшілер Өлі теңіздің жойылып бара жатқанына қоғам назарын аудару үшін түрлі акциялар ұйымдастыруда. Осы жылдың қазанында өткен мұндай шараның бірінде бірнеше жүздеген әйел мен еркек жалаңаштанып, ақ бояумен жақты. Оларды америкалық фотограф Стивен Туник тартылып бара жатқан суат жанында суретке түсірді.

Ғайып болып бара жатқан Өлі теңіздің бұл проблемасының астарында экономикалық та, саяси да мәселе жатыр. Иордан өзені территориясы арқылы өтетін мемлекеттердің суды қажет ететін өз ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі бар. Ал су бөгеттерін, электр станцияларын ұлғайту саясатта да, өңір экологиясында да шиеленіс тудырып отыр.

Өлі теңізді қалай сақтап қалу керектігі төңірегінде айтылған идея көп болды. Оның қатарында Қызыл теңіз суын тұщыландыру, Суэцкке ұқсас арна тұрғызу бар. Бірақ бұл жоспардың барлығына өңірдегі жағдай тікелей ықпал етіп отыр.

Гидрологтар Өлі теңіз тартылып жатқанына қарамастан, толығымен жойылып кетпейді деген уәж айтуда. Ал экологтар буға айналып жатқан ылғал көлемі қайтатындай тепе-теңдік туындағанда, Өлі теңіз тартылуы тоқтайды деп санайды. Алайда бұл нақты қашан болатынын ешкім дөп басып айта алмай отыр.

1 / 15
Өлі теңіздің су айдыны бірнеше он жылда үштен бір бөлікке қысқарды. Су тартылған аумақты тұз басып, ол тіпті төменге қарай опырылып, сол орындарда алып шұңқырлар пайда болып жатыр. Суретте: Эйн-Геди жанындағы шұңқыр
2 / 15
Карст шұңғысы деп аталатын бұл құбылыс тартылған судың өзімен бірге карст (еритін) жыныстарын ала кетуінен туындайды. Бұрын теңіз түбі болған жерлерде үлкен шұңқыр немесе қазындылар пайда болуда
3 / 15
Өлі теңіздің басты ерекшелігі – мұнда суға бату мүмкін емес. Су тығыздығы майға ұқсас. Өлі теңіз суы Әлем мұхитындағы судан он есе тұщы екенін де айта кету керек
4 / 15
Бұл теңіз айналасындағы климат барлық кезде құрғақ болып келді. Тіпті Өлі теңізге құятын Иордан өзені баяғыда ең ірі кеме арнасы болғанына қарамастан, бұл су айдыны барлық уақытта белсенді түрде буға айналды
5 / 15
Өткен ғасырдың ортасынан бері Иордан өзені өңірдегі бірнеше мемлекеттің өнеркәсібі пен ауыл шаруашылығында белсенді пайдаланылып келеді. Бұл теңізге құятын су көлемінің азайып, соның салдарынан оның тартылуына алып келді. Курортты аймақтар теңіз жағалауынан бара-бара алшақтауда
6 / 15
Әйтсе де Өлі теңізге қызығушылық танытатын туристер саны азайған жоқ
7 / 15
Ал Өлі теңіздің бұрынғы жағалауындағы қонайүүлер, дүкендер мен демалыс орындары бірте-бірте қирандыға айналып жатыр
8 / 15
Теңіз тартылған аумақтың бетін тұз кристалдары жауып, олар әдемі өрнектер құрастыруда
9 / 15
Құс ұшар биіктіктен түсірілген суретте Өлі теңіз аумағының қаншалықты қысқарғанын анық көруге болады. Сондай-ақ небәрі 40 жыл бұрын пайда болған шұңқырлар да көрініп тұр
10 / 15
Су тартылғаннан кейін Өлі теңіз тұзы осындай пішіндер құрастыруда. Бұл пішіні жағынан ай кратеріне ұқсағанымен, олардың көлемі жағынан айырмашылығы үлкен
11 / 15
Өлі теңіз тұздары құрастырған пішіндер туристерге қатты ұнайды
12 / 15
Жарты ғасыр бұрын Өлі теңіз толқындары тулаған жазықта тар әрі су аз өзендер ағып жатыр
13 / 15
Өлі теңіз тартылғаннан кейін деңгейі төмендеген құм астында алып шұңқырлар пайда болды. Енді теңіз түбінің көрінісі осындай болып тұр
14 / 15
Өлі теңізге келген адамдар су тығыздығын растайтын суретке түскенді ұнатады. Олар әдетте қолдарына газет-журнал алып, суға түседі де, судың бетінде қалқып тұрғанын көрсетеді
15 / 15
Өлі теңіздің оңтүстік бөлігінде тұз жазығында миналар бар екені туралы ескертетін тақтайша