Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда сауда орталықтарына "жасыл" мәртебесі бар азаматтар ғана кіре алады

Қаладағы тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау және COVID-19 вирусының одан әрі таралуының алдын алу үшін осындай шешім қабылданған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша – Sputnik. Елордадағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығын сақтау және коронавирустың одан әрі таралуының алдын алу үшін 8 қарашадан бастап сауда ойын-сауық орталықтарына енді жұмыс күндері де "жасыл" мәртебесі бар азаматтар ғана кіре алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

"8 қарашадан бастап қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз "жасыл" мәртебесі болған жағдайда, яғни вакцинация, теріс нәтижесі бар ПТР тесті болған кезде және тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар жұмыс және демалыс күндері сауда ойын-сауық орталықтарына кіре алады", - делінген хабарламада.

Талдау нәтижесі көрсеткендей, үй карантинін бұзушылардың ең көп саны дәл осы сауда ойын-сауық орталықтарында тіркелген. Сауда ойын-сауық орталықтары адамдар көп жиналатын және ұзақ уақыт болатын орын екенін ескере отырып, корнавирустық инфекцияның таралу қаупі артады.

Сонымен қатар, көрші Ресейдегі және еліміздің солтүстік аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты, сондай-ақ қаладағы тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау және COVID-19 вирусының одан әрі таралуының алдын алу үшін СОО-ға бару шарттарын өзгерту бөлігінде шектеу іс-шараларын күшейту туралы мәселе қаралып жатыр.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы вирустың таралу қарқыны бойынша "сары" аймақта тұр.

Оқи отырыңыз: