НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша – Sputnik. 6 қарашадағы жағдай бойынша коронавирусқа қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланады.
Соған сәйкес Қызылорда облысы "жасыл" аймаққа, Қостанай облысы "қызыл" аймаққа ойысты.
"Қызыл" аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
"Сары" аймақта : Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.
"Жасыл" аймаққа: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары енді.
Оқи отырыңыз:
- Вакцина алмағандар жұмыс күндері де сауда орталықтарына кіре алмауы мүмкін
- Қазақ ғалымдары коронавирусқа қарсы бес вакцина жасап шығарды
- Постковид синдромы деген не?