Видео

Ел қорғаны: Нұр-Сұлтанда әскерге шақырылғандарды шығарып салу салтанаты өтті – видео

Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейінде әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті
Sputnik

Күзгі әскерге шақыру аясында елордадан 18-27 жас аралығындағы 700-ге жуық жас азамат мерзімді әскери қызметке аттанады.

Жалпы еліміз бойынша 2021 жылғы күзгі шақырылымда 18 бен 27 жастың аралығындағы 13,5 мың азамат әскер қатарын толықтырады. Соның ішінде елордадан 700-ге жуық жігіт мерзімді әскери қызметке жіберіліп "Ел қорғаны" мәртебесіне ие болады. Олар Қарулы Күштердің десанттық-шабуылдаушы әскерлері қатарын толықтырады.

Әскерге барғысы келетін бозбалалар саны артып келеді – видео

Биыл әскерге шақырылушы үйден шықпай-ақ онлайн режимде әскерден босатуды немесе әскерге шақыруды кейінге қалдыру үшін elicense.kz порталы арқылы құжаттарын ұсына алады. Ол үшін аталған порталдың "Қауіпсіздік" қосымша бетінде тізімнен қажетті қызметті және мемлекеттік органды таңдап құжаттардың электрондық көшірмелерін жүктеп, ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қою қажет.

Пандемия жағдайында халықпен тікелей қарым-қатынас жасауды азайту, сондай-ақ күзгі әскерге шақыру барысында хабардар ету процесін автоматтандыру мақсатында пилоттық режимде мерзімді әскери қызметке шақырылуға тиісті әскерге шақырылушыларға SMS-хабарламалар таратылуда.

"Жүгіріп барып, бетінен бір ұрдым": қазақстандық контр-адмирал ашық сұхбат берді

Күзгі әскерге шақыру барысында әскерге шақырылушыларға ПТР зерттеуі екі рет жүргізіледі: біріншісі әскерге шақыру кезінде жиын пункттерінде, екіншісі жас буын келген кезде әскери бөлімдерде жүргізіледі. Қарулы күштеріміз озық технологиялар және заманауи техникалармен кеңінен жабдықталуда. Күзгі әскерге шақыру жұмыстары желтоқсанның соңына дейін жүргізіледі.

Салтанатты шараны видеодан тамашалаңыз.