Әлем

Зейнеткер 7-қабаттан халықтың үстіне құлады – екі адам қайтыс болды

Полиция трагедияны жазатайым оқиға ретінде қарастырып отыр. Қайғылы оқиғаға байланысты концерт өтпеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Швецияның Уппсала қаласында ер адам жетінші қабаттан концертке келген адамдардың үстіне құлады, деп хабарлады жергілікті полиция.

​Ресми мәліметке сәйкес, 80 жастағы ер адам фойеде тұрған екі адамның үстіне құлаған. Зейнеткер оқиға орнында көз жұмды. Ал 60 жастағы ер адам ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болды. Оның жанында тұрған әйел де жарақат алды.

Швецияның Aftonbladet газеті таратқан мәліметке сәйкес, сейсенбі күні кешке қарай Уппсалада ABBA тобының танымал музыканттары - Бьёрн Ульвеус пен Бенни Андерсенке арналған трибьют-концерт өткізу жоспары болды. Алайда қайғылы оқиғаға байланысты концерт өтпеді.

Қазіргі кезде 1 000 адамдық концерттік зал жабық. Ол жерде тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Ал ресми сайтты көрсетілген мәліметке сәйкес,

Уппсаладағы концерттік кешен 3-5 қараша аралығында жабық болады.

Полиция трагедияны жазатайым оқиға ретінде қарастырып отыр.

Оқи отырыңыз: