НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Швецияның Уппсала қаласында ер адам жетінші қабаттан концертке келген адамдардың үстіне құлады, деп хабарлады жергілікті полиция.
Två personer har dött efter en händelse vid Uppsala konsert och kongress. Enligt polisen har en person fallit från en hög höjd och träffat en annan person. https://t.co/XUuzbmSDJJ
— Expressen (@Expressen) November 2, 2021
Ресми мәліметке сәйкес, 80 жастағы ер адам фойеде тұрған екі адамның үстіне құлаған. Зейнеткер оқиға орнында көз жұмды. Ал 60 жастағы ер адам ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болды. Оның жанында тұрған әйел де жарақат алды.
Швецияның Aftonbladet газеті таратқан мәліметке сәйкес, сейсенбі күні кешке қарай Уппсалада ABBA тобының танымал музыканттары - Бьёрн Ульвеус пен Бенни Андерсенке арналған трибьют-концерт өткізу жоспары болды. Алайда қайғылы оқиғаға байланысты концерт өтпеді.
Қазіргі кезде 1 000 адамдық концерттік зал жабық. Ол жерде тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Ал ресми сайтты көрсетілген мәліметке сәйкес,
Уппсаладағы концерттік кешен 3-5 қараша аралығында жабық болады.
Полиция трагедияны жазатайым оқиға ретінде қарастырып отыр.